Репродуктивті денсаулық. Қазақстан Республикасындағы көмекші технологиялар. МӘМС бойынша ЭКҰ алу критерийлері.

05.05.2025

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы аясында ұлт денсаулығын нығайтуға және демографиялық көрсеткіштерді арттыруға баса назар аударылады. Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы және «Кенжекөл жастары» ЖҚБ (жастар қоғамдық бірлестігі) Павлодар облысының қалалары мен аудандарында тұратын жас отбасылардың репродуктивті денсаулығын нығайту бойынша көшпелі семинарлар ұйымдастырып, өткізді.
Семинарда ДСБ штаттан тыс репродуктологы, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының акушер — гинеколог-репродуктолог дәрігері, отбасын жоспарлау жөніндегі маман Алтынай Талғатқызы Маукен «Репродуктивті денсаулық. Қазақстан Республикасындағы көмекші технологиялар. МӘМС бойынша ЭКҰ алу критерийлері» тақырыбына дәріс оқыды.
Семинарға қатысушылар репродуктивті денсаулықты сақтау жөніндегі маманнан жеке кеңестер мен ұсыныстар ала алды. Сондай-ақ лекторлар құрамында психолог және заңгер болды, 250 адам кеңес алды.

#ДеніСауҰрпақ #ЗдоровоеПоколение

Лицензия 00986DS

Accessibility