Рухани жаңғыру. «Туған жер» арнайы жобасы
Отаным –деген бір қысқа сөзде жоғары мәнді ой тұжырымдалған. Әрбір адам үшін бұл сөз аса елеулі , өзінің жеке , ерекше және жалпы нәрсесін қамтиды. Отан- бұл адамның туған жері, оның қаласы мен ауылы, ата-анасы, достары және табиғаты. Жат елде адамға қаншалықты жақсы болғанымен оның туып өскен жері жадында қалады. Ешкім өзінің отанын ұмытпайды, өйткені ол әрбіреуінің жүрегінде ерекше орын алмақ.
Менің Отаным – туып өскен және тұрып жатқан жерім Павлодар қаласы. Осы қалада сан жетпес көрікті орындар бар. Біздің қала әрдайым таза, оны көптеген гүлдер мен гүлшоқтары көрікті етеді. Мен біздің қаланы жақсы көремін. Жылдан жылға гүлденуін қалаймын.
Мен №26 жалпы орта білім беретін мектебінде оқыдым. 2013 жылы Павлодар медициналық колледждің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түстім. Колледжді бітірісімен бөліп орналастыру бойынша №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының жүктілер патологиясына жолдандым. Бөлімшеде жұмыс қиын, эмоционалды тұрақтылықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі, болашақ ана мен дүниеге келмеген нәрестенің өмірі біздің қолымызды. Көптеген емшараларды өткізу үшін білім мен тәжірибе болу керек, жұмысқа келген кезде тәжірибесі әлі де жоқ маманға өзінің жұмысын жақсы білетін медициналық қызметкер келеді. Сол үшін мен өзімнің жоғары білікті әрі үнемі көмек беруге дайын, білмеген жерімді айтып, қолдап жүретін әріптестеріме алғысым шексіз. Біздің мамандықта адамдарды тәлімгер етіп тағайындаудың қажеті жоқ, өйткені, олар кез келген жас маманға, ұжымның қызметкеріне көмек беруге дайын. Кәсіптік қызметтегі ең бастысы басымдықтарды, қателерді көрсетіп үйрететін адамды кезіктіру.
Біздің негізгі міндет – емдеу, жүкті әйелдерді және олардың болашақ нәрестелерін қадағалау,жүктілікті көтеріп, дені сау ұрпақты дүниеге әкелуге көмек беру. «Дені сау ана-дені сау бала» дәл осылай біздің жұмыс нәтижеміз болуы керек.