«Салауатты санға жет!» ұранымен жыл сайынғы кең ауқымды науқан «Денсаулық фестивалі-2019»
16.09.2019
2019 жылғы 14 қыркүйекте Павлодар қаласының орталық жағалауында «Салауатты санға жет!» ұранымен Павлодар қаласының медициналық ұйымдарының қатысуымен «Денсаулық фестивалі-2019» кең ауқымды науқаны өткізілді. Осы фестивальға Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың қызметкерлері де қатысты. Фестивальдің басты мақсаты қоғамның, халықтың назарын белсенді өмір салтын жүргізуге, денсаулықты сақтау және нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігі арқылы аурудың алдын алу мәселелерінде халықтың хабардар болуын арттыру, сондай-ақ күнделікті жеткілікті қимыл-қозғалыс белсенділігінің дағдыларын қалыптастыруға тарту болып табылады.