Сақтандыру медицинасын енгізуге дайындық барысы
Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуіне байланысты облыстардың дайындығы пысықталып жатыр. Павлодардағы жиналыс 25-ші қазанға белгіленді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қазақстандық жүйесінің функционалдылығы үздік әлемдік үлгілер бойынша дамиды. Өзгерісті енгізудегі басты мақсат – халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Сол себепті ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарына көп көңіл бөлінуде.
Отырыс басында Нұрлан Қасымов халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізудің маңыздылығына тоқталды.
«Қазіргі таңда Павлодар облысы тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстары қолға алынуда, оның ішінде заңсыз жұмыспен қамтылған азаматтарды рәсімдеу қажет», — деп атап өтті Қордың атқарушы директоры.
Сақтандыру медицинасын тиімді енгізу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері біріктірілуде, медициналық ақпараттық жүйелер енгізілуде, дәрігерлер компьютер техникасымен, ғаламтормен қамтылуда. Қазір Қазақстан бойынша медициналық ұйымдардың 69,7%, ал Павлодар облысы 93,6 % желіге кіру мүмкіндігіне ие. Аймағымыздың жеке медициналық қызмет көрсетушілерінің 71% ақпараттық жүйемен қамтылған.
МӘМС жүйесінде халықты медициналық көмекпен қамту ел бойынша 95 % астам деңгейді көрсетті. Павлодар облысы бойынша 90 % қамтылған.
Павлодар облысында 97 әлеуетті қызмет көрсетушінің 55 ұйымы немесе 60% — жекеменшік. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіш. Әлеуетті медициналық қызмет берушілердің базасы 2017 жылдан бері жұмыс істейді және тұрақты түрде жаңартылып отырады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы 2019 жылы тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында 65 қызмет берушімен келісімшартқа отырды. Оның – 33-і мемлекеттік, 32-сі жекеменшік. Халыққа тегін медициналық көмек көрсететін ұйымдардың тізімі Қордың fms.kz ресми сайтында жарияланған.
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Павлодар облысы
бойынша филиалы