Семинар
23.10.2018
2018 жылғы 10 қазанда ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК акті залында «Орталық қызметкерлеріне тұмау, менингококк инфекциясы және көкжөтелді алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы — Шадиева Зайпа Кайсиновна қатысты. Семинар барысында Шадиева Зайпа Кайсиновна және орталықтың эпидемиологы Оспанова Сауле Кәрімқызы көптеген сұрақтарға жауап берді. Қызметкерлер осы сырқаттарды алдын алу бойынша ақпараттық-үсіндірме және тұмауға қарсы вакцинацияның мәні туралы жұмысын толықтай түсінді.