Семинар
26.02.2018
26 ақпанда перинаталдық орталығында «Вакцинациядан бас тартудың өзекті сұрақтары», неонатологтар, балалар мейірбикелері үшін семинар өткізілді. Семинарға Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің эпидемиологиялық бөлімінің бастығы Зайпа Қасымқызы Шадиева шақырылды. Семинардың соңында орталық қызметкерлерінің қатысуымен рөлдік ойындар өткізілді.
Біздің қызметкерлер ананы балаға вакцинация жасауға шақырады. Ана рөлінде Шадиев З.К. — Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің эпидемиологиялық бөлімінің бастығы.