СЕНБІЛІК
09.10.2018
2018 жылдың 6 қазанында Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы ұжымы тазарту және көгалдандыру бойынша облыстық сенбілікке барды.
Осы күні аурухана қызметкерлері өз аумағын қоқыс пен жапырақтардан тазартып, жол шеттерін ақтады. Санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі іс-шара 15 қыркүйекте басталып және бір айға созылды.