Смартфон баланың денсаулығына қандай зиян тигізеді?

05.09.2023

Радио толқындарының әсері баланың психикалық және физикалық жағдайына әсер етуі мүмкін. Кейбір зерттеулер ұялы телефондар ұйқының бұзылуына, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, иммунитеттің төмендеуіне, есте сақтау қабілетінің бұзылуына және психикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін екенін дәлелдеді.
Телефонды ұзақ уақыт пайдаланған кезде көру қабілеті нашарлайды. Егер 14-15 жасқа дейінгі бала күн сайын ұялы телефонның алдында 2 сағат отырса, онда басқа қолайсыз факторлар туындаған жағдайда оның көру қабілеті бір жылдың ішінде бірлікке төмендеуі мүмкін.Экранға үнемі қарау алыстан көрмеушілікке, ал көздің шаршауы олардың құрғауына әкеледі. Бұл кейінгі қабыну мен инфекцияның пайда болу қауіпін төндіреді. Бала ұзақ уақыт бойы басын төмен қаратып, бір қалыпта болғандықтанкелбет нашарлайды, омыртқаның қисаюы дамуы мүмкін.Баланың мектепке бару жасы көру органының функционалдық тұрақсыздық кезеңімен сәйкес келеді. Сонымен қатар, оқу процесі көз жүктемесінің едәуір артуымен байланысты: бастауыш сынып оқушыларында көру жүктемесінің көлемі күніне орта есеппен 5-7 сағат (аптасына 30-42 сағат), орта және жоғарғы буынның оқушыларында күніне 8-10 сағат (аптасына 48-60 сағат) құрайды. Баланың смартфонды пайдалану уақытын шектеудің ең жақсы шешімі-ашық сөйлесу және телефонды пайдаланудың бірқатар ережелері мен уақыттарын белгілеу.

Accessibility