«Созылмалы миелолейкозбен ауыратын науқастарды амбулаториялық кезеңде диагностикалау және емдеу».
Бүгін, 30.05.2023ж. сағат 12:00-де Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасында «Гемобластозбен ауыратын мүгедектер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Л.А.Ахмедьярованың қатысуымен «Созылмалы миелолейкозбен ауыратын науқастарды амбулаториялық кезеңде диагностикалау және емдеу» тақырыбында конференция өтті.Конференцияға пациенттер де қатысты. Күн тәртібінің негізгі мәселелері: «Созылмалы миелобластикалық лейкоз». Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының гематология бөлімінің меңгерушісі, облыс Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс гематологы Ж.Б.Сейсенбекова конференцияда сөйлеген сөзінде қатысушыларға созылмалы миелолейкозды диагностикалау және емдеу бойынша ұсынымдар, миелолейкоздың жіктелуі, белгілері мен себептері және дәрілік препараттарды қабылдау бойынша ұсынымдар көрсетілген слайдты презентация ұсынды.«Гемобластозбен ауыратын мүгедектер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Л. А. Ахмедьярова қауымдастықтың миелолейкозбен ауыратын науқастарды жаңа препараттармен қамтамасыз ету, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету, науқастарды емдеуге жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырудағы жұмысын атап өтті.