Созылмалы Обструктивті Өкпе Ауруы немесе СОӨА — пайда болу себептері
13.11.2019
Созылмалы Обструктивті Өкпе Ауруы немесе СОӨА – өкпеге дұрыс тыныс алуға кедергі келтіретін тыныс алу жолдарының қызметінің созылмалы бұзылуына тән және тұрақты сақталатын өкпе ауруы.
СОӨА-ның пайда болу себептері қандай?
- Басты себебі –темекі түтіні,онын ішінде қайталап темекі түтінін жұтудыдың әсері (пассивті шылым шегу).
- Тамақ жасау немесе ғимаратты жылыту үшін отынды қолданудың нәтижесінде ғимаратта ауаның ластану ( құрамындағы басты бөлігі көміртегі болып табылатын жанатын заттек, отынға көмір және қоңыр көмір,тезек пен сүрек жатады).
- Ауаның ластануы.
- Жұмыс орнында химиялық заттектердің, шаңның және газдалудыдың болу (булану,тітіркендіретін зеттектер, түтіні).
- Балалық шақта жиі төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялаларымен ауруы.
СОӨА-ның қандай белгілерін білесіздер?
- Ентігу (немесе ауаның жетіспеуін сезіну),басында бесінші қабатқа шыққанда, одан кеін үшінші қабатқа шыққанда, кеін бірнеше баспалдықты аттағанда сезіну.
- Қақырықтың көп бөлунуі.
- Созылмалы жөтел.
Мамандар қандай профилактикалық шараларды үсынады?
- Темекіден бас тарту.
- Ауасы лас орындарға бармау.
- Жұмыстын зиянды жағдайын ауыстыру.
- Суық тигізбеу.
- Өкпе мен тыныс алу жолдарының ауруын уақытында емдеу.