СОӨА- ның алдын алуға болады!
1
Созылмалы обструктивті өкпе ауыруы немесе СОӨА – өкпеге дұрыс
тыныс алуға кедергі келтіретін тыныс алу жолдарының қызметінің
созылмалы бұзылуына тән және тұрақты сақталатын өкпе ауруы.
«Созылмалы бронхит» және «эмфизема» аурулары СОӨА диагнозына кіреді
СОӨА-ның пайда болу себептері қандай?
- Басты себебі — темекі түтіні, оның ішінде қайталап темекі түтінін
жұтудың әсері (пассивті шылым шегу).
- Тамақ жасау немесе ғимаратты жылыту үшін отынды қолданудың
нәтижесінде ғимаратта ауаның ластану (құрамындағы басты бөлігі
көміртегі болып табылатын жанатын заттек, отынға көмір және қоңыр
көмір, жаңғыштақтатастар, тезек пен сүрек жатады).
- Ауаның ластануы.
- Жұмыс орнында химиялық заттектердің, шаңның және газдалудың
болуы (булану, тітіркендіретін заттектер, түтін).
- Балалық шақта жиі төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларымен
ауыруы.
СОӨА-ның қандай белгілерін білесіздер?
- Ентігу (немесе ауаның жетіспеуін сезіну), басында бесінші қабатқа
шыққанда, одан кейін үшінші қабатқа шыққанда, кейін бірнеше
баспалдақты аттағанда сезіну!!!
- Қақырықтың көп бөлінуі.
Созылмалы жөтел
СОӨА-ның алдын алуға болады
Мамандар қандай профилактикалық шараларды ұсынады?
- Темекіден бас тарту.
- Ауасы лас орындарға бармау.
- Жұмыстың зиянды жағдайын ауыстыру.
- Суық тигізбеу.
- Өкпе мен тыныс алу жолдарының ауруының уақытында емдеу.