Спирометрия негіздері: деректердің интерпретациясы, сыртқы тыныс алу функциясының бұзылуын диагностикалау

29.05.2025

Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының базасында 2025 жылғы 26-28 мамыр аралығында «Спирография. Интерпретация жүргізу техникасы» семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті медицина ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедрасының профессоры, «Денсаулық және қоршаған орта» ҒЗЗ меңгерушісі Д.В.Винников жүргізді. Семинарға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының пульмонологтары, функционалдық диагностика мамандары қатысты (21 адам қамтылды). Бұл тақырып бойынша тәжірибе мен практикалық білім жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі мамандарға да қажет.



Лицензия 00986DS

Доступность