Спорт — адам өмірінің ажырамас бөлігі

23.09.2024

Медицина қызметкерлері арасында дене белсенділігін дәріптеу, белсенді, салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылғы 21 қыркүйекте облыстың медициналық ұйымдары арасында облыстық спартакиада ұйымдастырып, өткізді.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, дене шынықтыру және спорт иммундық жүйені нығайтады және әртүрлі аурулардан аулақ болуға көмектеседі.
Спартакиада қатысушылары спорттық эстафетада, арқан тартыста, гір көтеруде және жерден көтерілуден жарысты.
Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының командасы арқан тартыста I құрметті орынға ие болды.
Спартакиаданың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз, зор денсаулық пен амандық тілейміз!

Лицензия 00986 DS




Accessibility