Сүт безі обырын анықтау үшін маммографиялық зерттеу жүргізіледі. 

17.10.2019

Скрининг – бұл қатерлі ісік белгілері жоқ клиникалық сау адамдарды тексеру. Скрининг үшін нақты бір органға ісік патологиясын анықтайтын белгілі бір зерттеу әдісі немесе арнайы тест қолданылады. Скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіреді және тегін тексеру болып табылады. Ол емделушінің бекітілген орны бойынша емханаларда бекітілген алгоритм бойынша жүргізіледі.

Сүт безі обырын анықтау үшін маммографиялық зерттеу жүргізіледі. Қазақстанда 40 жастан асқан әйелдерге шағым болмаған жағдайда екі жылда 1 рет сүт безі обырына маммографиядан өту қажет. Егер отбасылық сыртартқысында сүт безі обыры болған жағдайда, маммографияны жыл сайын 35 жастан бастап жүргізу ұсынылады.

20 жастан асқан барлық әйелдерге ай сайын сүт бездерін өздігінен тексертуге ұсынылады. Оның мақсаты – сүт бездерінде патологиялық өзгерістер анықталған кезінде уақытылы дәрігерге қаралу және әйелдерді кеуде күтімі жағдайына көңіл бөлдірту. Емделушіге өздігінен тексерілу кезіндегі табылатындардың көбі қатерлі ісік емес екенін хабарлау қажет.

rak-grudi-1024x683

Accessibility