Сәулелік терапия, КТ және МРТ бойынша дәрігерлерді жетілдіру циклі
Сәулелік терапия (рентгенотерапия, телегамматерапия, электротерапия, нейтронды терапия және т.б.) – бұл ісік жасушаларын өлтіруге немесе олардың өсуі мен бөлінуін тежеуге қабілетті электромагниттік сәулеленулер немесе қарапайым ядролық бөлшектер шоғырының ерекше энергия түрін қолдану. Сәулелендіру аймағына түсетін кейбір сау жасушалар да зақымданады, алайда олардың көпшілігі қалпына келуі мүмкін. Ісік жасушалары олардың сау жасушаларына қарағанда, тезірек бөлінеді. Сондықтан сәулелендіру оларға ерігіш әсер етеді. Бұл айырмашылықтар қатерлі ісік сәулелік терапия тиімділігін анықтайды.
2019 жылғы 17 — 29 маусымда Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы базасында Павлодар облысы медициналық ұйымдарының дәрігер — рентгенологтары үшін сәулелік терапия, КТ және МРТ бойынша дәрігерлерді жетілдіру циклі жүргізілуде.
Аталған оқу циклін Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың рентгенолог – дәрігері, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас рентгенологы Д.С. Габдулгазизова, Алматы қ. ҚАЗМУНУ кафедрасының доценті А.К. Ахметбаева жүргізеді