Табылған нәрестенің жағдайы тұрақты

30.01.2018

2018 жылдың 29 қаңтарында сағат 20.55 минутта Павлодар облыстық перинаталдық орталығына баланы жедел жәрдем станциясының медициналық қызметкерлерімен жеткізілді. Ол көшеде қоқыс контейнерлердің бірінде табылған болатын. Баланың құжаттары жоқ, жынысы ер бала, жасы 7-10 күн, сыртқы тері зақымдары мен жарақаттарынсыз.

Перинаталдық орталығына келіп түскендегі жағдайы суық өткендіктен ауыр болды. Бала бірден қабылданып нәрестелер патологиясының меңгерушісі Ш.Ж.Құрмановамен тексерілді. Қажетті тексерулер жүргізілді: кеуде және іш қуысының рентгендік суреттері, қан анализі, нейросонография — ешқандай патологиялық өзгерістер табылған жоқ.

Таңертең жағдайы тұрақтанды, бала белсенді, сүт қоспасымен тамақтандырылды, перинаталды орталығының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінде дәрігер мен медбике бақылауында. Қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп жоқ.

300118

Accessibility