Тегін медициналық көмек 2019 жылы қалай көрсетіледі?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2019 жылға мемлекеттік кепілдік аясында тегін көрсетілетін медициналық көмек түрлерін сатып алды.
Тегін көмек көрсететін медициналық ұйымдарды таңдау арнайы аймақтық комиссиямен жүзеге асырылды. Павлодар облыстық комиссиясына әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметкерлері, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы және пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестік басшылары кіреді. Сондай-ақ, комиссия жұмысына «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы қызметкері қатысады. Конкурстық шаралардың нәтижесі бойынша Павлодар облысында мемлекетік тапсырыс бойынша 64 ұйым медициналық көмек көрсетеді. 2019 жылдың жалпы сомасы 37,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жеке клиникаларға 4,2 млрд. теңге бөлінді. Жеке клиникаларды қаржыландыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғада екі есе артқан.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін медициналық көмек көрсетуге ниет білдірген жеке клиникалардың саны 4 ұйымға артты. 2018 жылы Қормен 26 жеке клиника қызмет істесе, биыл оның саны 30-ға жетті. Тегін медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасқан ауруханалар мен емханалардың толық тізімімен Кордын www.fms.kz сайтынан қарауға балады.
Қордың Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, — «2019 жылы медициналық қызметтерді сатып алуға өткен жылмен салыстырғанда бюджеттен 5%-ға артық қаржы бөлініп, амбулаторлық-емханалық көмекті дамытуға бағытталды (жалпы тәжірибе дәрігерлерінің жүктемесін төмендетіп, емханалық және жедел жәрдем тарифін көтеруді қосқанда), учаскелік қызметкерлерге қосымша ынталандыру ақысын төлеу, жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын өсіріп, онкологиялық ауруларды емдеуге кешендік жоспар құру көзделіп отыр». Халыққа тегін медициналық көмек Қазақстан Үкіметі мен бекітілген кепілді тегін медициналық көмек көлемі тізіміне сәйкес көрсетіледі. Бұл қызметті Қазақстан азаматтары, оралмандар, елімізде тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқтұлғалар ала алады.Қазақстанға уақытша келген шетелдіктерге шұғыл медициналық көмек тегін көрсетіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар