Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделі мен МӘМС пакеті 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін енгізуді көздейді.

06.12.2019

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС салалық дәрігерлерді қабылдау және қымбат тексерулер сақтандырылғандар үшін тегін болады. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен Қазақстандықтардың тұрмысынан «Қымбат тұратын медициналық зерттеулер» ұғымы жоғалуы мүмкін.

Егер бұрын олар адамдардың жекелеген санаттарына ғана тегін болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көрсеткіштер бойынша сақтандырылған адамдарға қолжетімді болады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделі мен МӘМС пакеті 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін енгізуді көздейді. Бірінші деңгей – ТМККК жаңа моделі мемлекет міндеттемелерінің нақты шекарасын айқындайды және халықты базалық медициналық қызметтермен жаппай қамту бойынша жалпыға бірдей танылған халықаралық стандартты іске асырады. Екінші деңгей — ТМККК-ден тыс медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететін сақтандырылған халық үшін МӘМС топтамасы. Үшінші деңгей — бұл ТМККК және МӘМС пакеттеріне кірмейтін медициналық қызметтер. Олар ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен беріледі.

 

Accessibility