Темекіні қалай тастаудың кеңестері  

11.11.2019

 

1.  Бұл сіз ойлағандай қиын емес. Сіз өз-өзіңізге берік бола бастағаннан кейін, өміріңіздегі тәуелділікті алып тастаудан ләззат аласыз.

  1. Шылым шегуді тоқтатуды – өзіңе жасаған сыйлық, өте құнды сыйлық ретінде қабылда. Сапалы өмір мен өте ұзақ ғұмырға ие бола аласыз. Өзіңе сау ағзаны тарту етесің.
  2. Егер шешім қабылданса, темекіні бірден тастау керек — бір күнде. Өмірді екі бөлікке бөлетін салтанатты күнді анықтадық, ол – шылым шегушінің қысқа тәжірибесі мен ұзақ жылдар салауатты және бақытты өмірі болып табылады.
  3. Оң көзқарасты сақта. Ақыр соңында, бұл сіз жасаған ең дұрыс әрекеттердің бірі болады.
  4. Барлық күлшелерді және темекінің заттарын лақтырыңыз, жаман әдетті еске түсірмес үшін, иісі сіңіп қалған киімдеріңізді жуып тастаңыз.
  5. Никотин туралы ойдан сені аулақ ұстап тұратын істерді жоспарлаңыз. Спортпен шұғылданыңыз. Белсенді қозғалыс ағзаға темекі сияқты ләззат беретін гормондарды тудырады.
  6. Темекіні аңсауыңа жол бермеңіз. Шаршауыңа жол бермеңіз. Жалғыздыққа жол бермеңіз.
  7. Бос отырмаңыз, бір затпен шұғылданыңыз. Біз темекіні ұстап отыруға үйрендік; темекі шегуді тоқтату қолдың бос қалуын білдіреді. Орнына кішкентай резеңке доп ұстаңыз. Сондай-ақ, қамыр немесе ермексазбен ойнаған жақсы.
  8. Көп су ішіңіз. Ол никотинді ағзадан шығаруға, темекіні аңсатпауға көмектеседі.
  9. Өз ерлігіңді жақын адамға арнаңыз, қағаз парағына жазыңыз: «Мен шылым шегуді өзім үшін және сен үшін тастаймын» және оны фотосуретке жапсырыңыз. Темекі шегуге деген ынта пайда болған кезде, фотосуретке қарап, жазуды оқыңыз.
  10. Жыл сайын планетада миллиондаған адам темекіні тастағысы келеді деп ойлан. Олардың қолынан келсе, сенің де қолыңнан келеді!

 

Accessibility