Торлы протезді орнату арқылы жамбас түбін үш деңгейлі гибридті реконструкциялау -кезекті операция
Бүгін Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың гинекологиялық бөлімшесінде науқасқа тағы бір ота – торлы протезді орнату арқылы жамбас түбін үш деңгейлі гибридті реконструкциялау операциясы жасалды.
Анамнезінде: науқас 78 жаста, жатырдың толық түсуі. Науқас онымен 15 жылдан астам өмір сүрді және өз мәселесімен бізге келді. Торлы протезді орнату арқылы жамбас түбін «стандартты» үш деңгейлі гибридті реконструкциялау жүргізілді. Операция шамамен 1,5 сағатқа созылды. Бұл операция МӘМС шеңберінде ақысыз жасалады, МӘМС жұйесінде тіркелмеген пациенттерге бекітілген баға прейскуранты бойынша ақылы тұрде жүргізіледі.