Травматолог дәрігерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету
2024 жылғы 18 қарашада Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына жұмыс сапарымен Академик Н.Д.Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының (ҰТОҒО) мамандары, жоғары біліктілік санатты травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының кандидаты, директордың клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары С.С.Балгазаров, бөлім меңгерушісі Р.С.Абилов және Й.Вэслинг атындағы травматология, ортопедия және мамандандырылған травматология клиникасының профессоры, Германияда танымал ортопед Геринг Э.Я. (Германия) келді. Бұл сапардың мақсаты аурухананың травматолог дәрігерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету және эндопротездеудің күрделенуі кезінде ревизиялық эндопротездеу бойынша мастер-класс өткізу болып табылады. Мамандармен буынның ревизиялық эндопротездеуді қолданудың көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдері талқыланды, имплантация жүргізу, ортопедиялық асқынулар және перапротездік инфекция кезінде хирургиялық техниканың ерекшеліктері анықталды.
Лицензия 00986 DS