Туберкулезді алдын алу перзентханадан басталады. БЦЖ егу.
15.03.2019
2019 жылғы наурыздың 13-і Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталды орталығының конференц-залында медицина қызметкерлері үшін, туберкулезді алдын алу бойынша Ұлттық бағдарлама шегінде «Туберкулезді алдын алу перзентханадан басталады. БЦЖ егу» атты семинар өтті.
Осы семинар барысында мейірбикелік-акушерлік ісін үйлестірушісі Кулинич В.Н. және босанғаннан кейінгі бөлімнің емшара медбикесі Уахитова Р.Е. «ВД VACUTAINER» жүйесін пайдаланып, тамырдан қан алудың сенімді әдісі» тренингің көрсетті, семинарға қатысушылардың арасында іс-тәжірибенің практикалық дағдыларын дамытумен таныстырды.