Түлектердің, болашақ дәрігерлердің Павлодар облысының медициналық мекемелерінің басшыларымен кездесуі
2019 жылғы наурыздың 14-і Семей медицина университетінде оқу бітірушілер, болашақ дәрігерлер мен Павлодар облысының медициналық мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді.
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасын кездесуде перинаталды орталықтың бас дәрігері Оспанова А.К. таныстырды.
Айман Қайыркенқызы облыстық дерматовенерологиялық диспансер, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және облыстық перинаталды орталықты қамтитын аурухананың даму тарихы мен құрылымы туралы әңгімелеп берді.
Аурухана заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған, бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
2010 жылдан бастап Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында жамбас-тізе буындарын ауыстыру үшін жоғары технологиялық медициналық көмек, офтальмология, хирургия, урология және гинекологиядағы ең күрделі операциялар жасалды.
Перинаталды орталықта ең күрделі акушерлік және сыртқы жыныстық патологиялары бар босанулар ойдағыдай өтеді. Акушерлiк-гинекологиялық қызмет көрсету және неонатологияны аймақтандырудың үшiншi деңгейi ретiнде орталық мамандары санитарлық авиация жолымен көмек көрсетедi.
Кездесудің қорытындысы бойынша институттың 7 түлегімен алдын-ала келісімдер жасалды.