Тұзды тұтыну
14.04.2023
Ересек адам үшін күніне тұзды тұтынудың физиологиялық нормасы 5 грамм – шамамен бір шай қасық. Бұл организмге су-минералды тепе-теңдікті сақтау, жүйке импульстарын жүргізу және бұлшықеттердің жұмысы үшін қажет тұздың мөлшері.
Тұзды тұтынуды күніне 5 граммға дейін төмендету (толтырмай 1 шай қасық) мүмкіндік береді:
- Жыл сайын әлемде 2,5 млн. жуық өмірді сақтауға
- Жұқпалы емес аурулардың (жүрек, қатерлі ісік, қант диабеті ауруларының) қаупін азайтуға
- Жүрек инфаркті мен инсульттан болатын мүгедектікті азайтуға
- Катарактаның дамуына жол бермеуге
- Ісінуден сақтап және артық сұйықтықты шығара отырып ағзадағы су теңгерімін сақтауға
- Сау және ұзақ өмір сүру мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.