Тұмаудың профилактикасында ең тиімді әдісі — вакцинация
Тұмау мен басқа ЖРВИ адамның тыныс алу жолдарын зақымдап ауа-тамшылы жолмен таралады. Инфекцияны таратушы және бірегей көзі болып науқас адам болады. Адамнан адамға тұмау вирустарын таратудың негізгі жолы әңгімелескен кезде, жөтелгенде, түшкіргенде ауа-тамшылы жұғу есептеледі. Вирустардың таралуы жанасу-тұрмыстық жолмен де болуы мүмкін, егер ауырғандар және оны қоршаған адамдар жеке бас гигиена ережелерін сақтамаған жағдайда, оның ішінде дезинфекция және өңдеуге жатқызылмаған жалпы күтім заттарын (орамал, бет орамалдар, ыдыстар және т.б.) қолданған кезде.
Тұмау қалай білінеді? Әдеттегі жағдайда ауру аяқ астынан басталады: 38 — 40 градусқа дейін температура көтеріледі, дірілдеу пайда болады, бастың қатты ауруы, көз алмасында және бұлшық еттерде ауырады, бас айналады, көзден сұққылайды және жас ағады.
Егер сіз ауырып қалсаңыз, не істеу керек? Алғашқы симптомдары кезінде дәрігерге көріну керек. Дәрігердің барлық нұсқауларын орындап, төсек режимін сақтаңыздар. Тұмауда өзін-өзі емдеуге жол берілмейді. Тұмаудың жүруін алдын ала болжау мүмкін емес, ал асқынулар әртүрлі болуы мүмкін.
Тұмаудан қалай қорғану керек? Тұмаудың профилактикасында ең тиімді әдісі — вакцинация. Вакцинацияға өз денсаулығын қадірлейтін және қоршағандардың денсаулығын ойлайтын әрбір адам мұқтаж. Уақытылы вакцинация тұмаумен аурушаңдықты бірнеші есеге азайтады, аурудың жүруін жұмсартады, оның ұзақтығын қысқартады, асқынуға жол бермейді. Ағзаның қорғаныш күштерін арттыруға нұсқау беріледі: дене шынықтырумен айналысу, дұрыс тамақтану, уақытылы және жеткілікті дем алу, дәрумендік-минералды кешендерді қабылдау.