Тұмау
Тұмау – тұмау вирусымен пайда болатын тыныс алу жолдарының инфекциялық жіті сырқаты. Бұл бүкіл ағзаға зақым келтіретін жоғары контагиозды ауру. Тұмау- ол жыл сайын пайда болатын жалғыз инфекция, эпидемия. Тұмау әдетте желтоқсан – наурыз кездерінде тіркеліп, 6-8 аптаға созылады. Тұмаумен ауырған адам аурудың алғашқы сағаттарында және 3-5 күнге дейін сырқаты жұқпалы болады. Тұмаумен барлық жастағы адамдар ауруы мүмкін.
Жүкті әйелдер қауіпті топқа жатады, себебі асқынудың пайда болу қауіпі жоғары болады.
Жүкті әйелдерде ауыр ағымның жиілігі , тұмаумен араласқан пневманияның даму қауіпі, тыныс алу және жүрек жетіспеушілігі жоғары және гестация мерзімімен өседі. Жүктіліктің алғашқы үш аптасында (12 аптаға дейін) ішкі жатыр қалауы қарқынды жүріп жатқан кезде,
вирустың әсері ұрықтың жүйелері мен органдарының қалыптасуына қауіпті болуы мүмкін.
Ұрықтың жатыр ішіндегі өліміне және даму тежеулігінің пайда болуына қауіпін туғызады. Босану алдындағы кезеңде әйелдер инфекцияға әлсіздеу болады, жалпы популяцияға қарағанда осы топтағы сырқаттанғандардың өлімі әлдеқайда жоғары болады. Инфекциялық агенттің Әсерінен жүкті әйелдің иммунологиялық ағзаның резистенттілігі күрт төмендейді, эндокриндік және иммундық жүйелер функциялары бұзылады, бұл латентті аурулардың асқынуына, созылмалы аурулар, жүктілік кезінде және босану кезінде әбден мүмкін.
Инфекциялық-уытты қоздырғышының әсері гиповитаминозының және гиперацидоздың пайда болуына ықпал етеді, бұл жүктілікті де қиындатады. Тұмаумен ауырған әйелдердің ұрықжолдасында , ұрық және жаңа туған нәрестеге кері әсер ететін тұмау процестері әсер етеді.
Кейде жатыр ішінде ұрықтың инфицирленгені 15% жағдайда байқалады. Ерте жүктілікті тоқтату (16,5%), жатырдағы ұрықтың өліміне және шала босану мүмкін де жіті фазасында ауру және сауығу сатысында. Ауру, қан кетуіне, босану кезінде немесе жүктілікті тоқтатуына ықпал етеді.
Жеңіл түрде тұмаумен ауырған жүкті әйелді емдеу үй жағдайында жүргізіледі. Науқасқа төсектік режимі қамтамасыз етіледі. Үй-жай сағат сайын желдетіледі. Жүкті әйелді тиімді тамақтанумен қамтамасыз ету керек. Азық-түлік бай дәрумендерге толық болуы тиіс. Көп мөлшерде сұйықтық ішу қажет, ол токсиндердің шығарылуына көмегін тигізеді. Жоғары температурада (38 градустан жоғары) және айқын сырқатты синдромда (бастың ауруы, бұлшық еттердің ауыруы) парацетамолды ішу ұсынылады.
Алайда, оның жиі бір рет 4-6 сағатта қолдануға болмайды. Барлық дәрілік препараттарды, қабылдауға болады тек дәрігердің тағайындауымен. Жай-күйі нашарлаған кезде —жедел стационарға жатқызу қажет.
Тұмау кезіндегі негізгі симптомдар:
— Әдетте, өте жоғары дене қызуы
— Жөтел күрт байқалса, ол күшті, мүмкін, тыныс алу функциясы бұзылған.
— Мүмкін қатты әлсіздік, науқастың бұлшық етінің ауруы.
— Барлық симптомдар, жылдам, кенет, бірнеше сағаттың ішінде пайда болады.
Тұмау сақтану үшін нені алдын алу керек? Бүкіл әлемде тұмауға қарсы вакцинациялау кеңінен қолданылады. Егу 6 айдан , сондай-ақ жүкті әйелдерге және одан жоғары іс жүзінде бүкіл халыққа ұсынылды.
Вакцина жарықшақты инактивацияланған вирусты қамтиды. Егуден кейін ағзада тұмауға қарсы антиденелер пайда болады. Кейіннен, егер ағзаға тұмау тірі вирусы түссе, бұрын әзірленген антиденелер оған қарсы тұрып жояды. Иммунитет екпе жүргізілгеннен кейін 2-3 аптадан кейін өндіріледі . Иммунитеттің ұзақтығы 6-12 ай.
Тұмау вирустары адамнан адамғатыныс алу жолдары арқылы жұғады.Ауызды және мұрынды бір реттік орамалмен жауып кейін урнаға лақтыру ұсынылады. Далаға шығар алдында мұрын жолдарын оксолин мазімен майлау қажет. Жиі қолды сабынмен жуу керек, әсіресе жөтел және түшкіргеннен кейін.
Сырқаттанған адаммен сөйлесуді болодырмау қажет, егер мүмкіндігіңіз болмаса, 1 метрге алыс жақындамаған жөн. Өзіңді сақтау мақсатында жиі ауыстырумен бір реттік маскалар ұстаған жөн.
№1 ПОПО Эпидемиолог дәрігері С.Оспанова