Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі №1 ПОПО қызметкерлерімен кездесі өткізді

23.10.2018

2018 жылғы 12 қазанда Павлодар облыстық перинаталдық орталығында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері орталықтың медициналық қызметкерлері мен жас мамандары арасында кездесу өткізді.

«7 — 20 — 25» жаңа кең ауқымды бағдарлама іске қосылды, бұл тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттырады. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру медицина қызметкерлеріне ипотекалық несие алу мүмкіндігін арттырады. Бүгінгі күні тұрғын үй құрылысына қуатты серпін беретін «Нұрлы жер» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотекаға бастапқы жарналарды ішінара субсидиялау туралы мәселе болды. Ірі қалаларда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажеттілігі туындады. Кездесу барысында банк қызметкерлері жаңа «7-20-25» ауқымды бағдарламасына қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

Бүгінгі таңда «7-20 — 25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының және басқалардың негізгі мақсаты халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Кездесу соңында тілек білдірушілер Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жинақ келісімін жасай алды.

20181012_01 20181012_02

Accessibility