«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудын жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
2018 жылғы 17-қаңтарда Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының директоры С.У.Сыздықов Павлодар облыстық филиалы Нұр Отан партиясының ақпараттық-насихаттау тобы құрамында Павлодар облысының Шакат және Красноармейка елді мекендер тұрғындарымен кездесіуне қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы — «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудын жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Кездесулерде С.У.Сыздықов сөз сөйлеп, Президент Жолдауында денсаулық сақтауды дамыту тақырыбына көп көңіл бөлгенің айтып өтті.
Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) кезең-кезеңімен көшу, саламатты өмір салтын насихаттау, онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдау және медициналық көмектің ақпараттық жүйесі интеграциясы арқылы тиімділігін арттыру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық сақтау паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу.