Қуық асты безінің гиперплазиясының тулий лазерлік энуклеациясы
«Қуық асты безінің гиперплазиясы кезіндегі лазерлік операциялар (вапорезация, вапорезекция, энуклеация)»
Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының урологиялық бөлімшесінде диагностика мен емдеудің барлық жаңа жоғары технологиялық әдістері кеңінен қолданылады.
Бөлімше базасында жаңа сатып алынған аппаратта — Guanta System (Италия) инновациялық лазерлік тулий жүйесінде «Қуық асты безінің гиперплазиясы кезіндегі лазерлік операциялар (вапорезация, вапорезекция, энуклеация)» өткізіледі. Guanta system лазерлік тулий жүйесі — ERG мен облыстық әкімдік арасындағы меморандум шеңберінде Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының демеушілік қолдауымен Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы сатып алған Қазақстан Республикасындағы екінші осындай аппарат. Қуық асты безінің гиперплазиясының тулий лазерлік энуклеациясы қуық асты безінің қатерсіз аденомасын емдеудің ең жаңа әдісі болып табылады.
Лицензия 00986DS