Халықаралық медбике күні
12 мамырда Қазақстан Халықаралық медбикелер күнін атап өтеді.
2019 жылғы мамырдың 8-і Павлодар жоғары медициналық колледжінің акт залында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.С. Мұқашев облыстың еңбек сіңірген медбикелерін құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының қызметкерлері жоғары кәсіби деңгейге және Павлодар облысында денсаулық сақтауды дамытуға жеке үлес қосқаны үшін марапаттарға ие болды.
Перинаталды орталықтың акушерлік және мейірбике ісі жөніндегі үйлестірушісі Кулинич В.Н. Павлодар облысының әкімі Құрмет грамотасымен марапатталды.
Гематологиялық, физиотерапевтік, хирургиялық бөлімнің және амбулаториялық хирургия және гинекология орталығының аға медбикелері Г.Б. Әубәкірова, Н.Н. Малова, Халел М.Ж., Шойка Л.П.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Мамандығы бойынша үздік» облыстық конкурсының «Үздік зертханашы» номинациясы бойынша жеңімпазы Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының орталық консультативтік-диагностикалық зертханасының зертханашысы Е.В.Фатьянова болып танылды. ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның әкімшілігі мен ұжымы барлық медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды!