Халықаралық ұйым өкілінің сапары
15.03.2018
14 наурызда Павлодар облыстық перинаталдық орталығының нәрестелерді қарқынды емдеу терапиясы мен жан сақтау бөлімшесіне Global Novick Cardiac Alliance халықаралық ұйымының өкілі Фурманчук Д.А. жұмыс сапарымен болып қайтты. Дәрігерлермен кездесуде жаңа туған нәрестелерге респираторлы қолдау, кардиохирургиялық науқастарды емдеуді тұрақтандыру, шала туған сәбилерге күтім жасау және емдеуге арналған жаңа шығын материалдарын пайдалану мәселелері талқыланды.