Хромосомалық аберрацияларға пренатальды скринингтің мақсаттары

17.02.2023

2023 жылғы 17 ақпанда Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының базасында жүкті әйелдерден биохимиялық скринингке (БХС) қан алу бойынша мастер-класспен «Аналық биохимиялық скрининг» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарға әйелдер консультацияларының меңгерушілері, гинеколог дәрігерлер және БХС-ке жүкті әйелдерден қан алуға жауапты облыстың медициналық ұйымдарының медбибілері қатысты. Павлодар облысы ДСБ штаттан тыс генетик дәрігері, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының репродуктивті денсаулық орталығының генетик дәрігері Т.А.Лучникова, пренаталдық диагностика маманы Г.Ш.Сәрсенғалиева баяндама жасады, хромосомалық аберрацияларға пренатальды скринингтің мақсаттары мен міндеттері, БХС сапасы үшін қан алудың зертханаға дейінгі кезеңінің маңыздылығы туралы мәсілелер баяндалды. Пренатальды скрининг жүктілік кезінде жүргізіледі және жүктіліктің асқынуын, оның ішінде ұрық ақауларының дамуын анықтауға бағытталған. Пренатальды скрининг арқылы ұрық ақауларының даму қаупі басқаларға қарағанда жоғары пациенттердің топтары анықталады. Скрининг нәтижелері бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі тексеру және консультациялар (зерттеудің инвазивті әдістері, генетик консультациясы) жүргізу туралы шешім қабылданады.

Accessibility