ХVII Халықаралық конгресс – «Адам және дәрі — Қазақстан»

25.04.2024

2024 жылғы 24 сәуірде «Ертіс» қонақ үй кешенінің мәжіліс залында «Адам және дәрі — Қазақстан» ХVII Халықаралық конгресі өтті. Осы Халықаралық ғылыми форумның мақсаты — диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін күнделікті дәрігерлік практикаға енгізу, сондай-ақ терапевтік бейіндегі дәрігерлер арасында білім алмасу. Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының мамандары осы конгреске қатысты. Пленарлық отырыста гематолог дәрігер Г.Е.Бухтоярова «Парентериалды ферротерапия» тақырыбында баяндама жасады. Пульмонолог дәрігер Г.К.Баширова «Терапия, гастроэнтерология және пульмонологиядағы клиникалық ұсыныстар мен салалық стандарттар» тақырыбы бойынша конгреске қатысушылардың сөз сөйлеуінің модераторы.

Лицензия 00986 DS

Accessibility