ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында»КМҚ  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

29.10.2019

ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында»КМҚ  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №173 бұйрығы негізінде пациенттерді қолдау және медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді, ол медициналық қызметтер көрсету сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»  № 272 бұйрығына сәйкес, ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында»КМҚ  халыққа мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

1.«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді»;

2.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»;

3.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша 2018-2020 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында»КМҚ  аурухананың барлық құрылымдық бөлімшелер стендтерінде «Пара бересің-мерзім аласың» ақпараттық буклеттер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығының (1424) сенім телефоны бар плакаттар орналастырылған, оған пациент кез келген уақытта сыбайлас жемқорлық фактілерінің көріністері туралы хабарлай алады.

 

 

 

Доступность