ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жыл 25 қаңтардағы арнайы үндеуін талқылау өтті
27.01.2017
№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының қызметкерлері, 2017жыл 27 қаңтардағы жиналысында 2017жыл 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнайы үндеуін жалпыға ортақ талқылау өткізді.
Билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті бойынша Президенттің ұсынған реформасын орталық қызметкерлері қолдайды. Біз ұсынылған өзгерістер үкімет пен парламенттің жауапкершілігін арттырады, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асырушы атқарушы органдар болады деп сенеміз. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынылып отырған жалпы пікірталас Қазақстанның барлық азаматтарының игілігі үшін қызмет етеді.