ЭКҰ сәтті бағдарламасы және «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша облыс тұрғыны үшем туды.
2021 жылдан бастап елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған арнайы «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды. Ол балалы болуды аңсап жүрген көптеген қазақ жұптарының мәселесін шешуге арналған. Осы бағдарлама аясында ЭКҰ бағдарламаларына бөлінген квоталар саны көбейтілді. ЭКҰ бағдарламасы мен «Аңсаған сәби» бағдарламасы сәтті өтіп, 12 жыл бала күткеннен кейін облысымыздың 38 жастағы тұрғыны үшемді дүниеге әкелді. Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында екі ұл – бірінің салмағы 2198 грамм, бойы 38 см, екіншісі – 2313 грамм, бойы 47 см, және қыз бала — салмағы 2059 грамм, бойы 44 см дүниеге келді. Бұл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биыл дүниеге келген алғашқы сәбилер, кесарь тілігі жасалды, қазіргі уақытта анасы мен көптен күткен сәбилері өздерін жақсы сезінуде. Кәсіпкер Кайль Татьяна («Baby_mail_pvl» балалар киімі бөлімі) шығару және серуендеу үшін конверт ұсынды.
Ата-аналарды балаларының дүниеге келуімен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз!