«Ішектің қабыну аурулары» IX ұлттық форумы
2025 жылғы 16-17 мамырда Алматы қаласында «Ішектің қабыну аурулары (бұдан әрі -ІҚА)» IX Ұлттық форумы өтті, онда халықаралық тәсілдер негізінде ІҚА диагностикасы мен емдеудің негізгі мәселелері қамтылды. Аталған іс-шараға Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының гастроэнтерологиялық төсектері бар №1 терапия бөлімшесінің меңгерушісі З.М.Смағұлова қатысты.
Форумда өте маңызды тақырыптар ұсынылды: ІҚА бар пациенттерді басқарудың өзекті тәсілдері, балалардағы биологиялық терапия, ІҚА кезіндегі саркопения, гендік-инженерлік биологиялық терапияны таңдау алгоритмдері, IҚА терапиясындағы жаңа мүмкіншіліктер, IҚА-ның ішектен тыс көріністері, жіңішке ішек ауруларының гистологиялық диагностикасы, IҚА диагностикасында энтероскопия мен капсулалық эндоскопияны қолдану және тағы басқалар. Қазақстан гастроэнтерологтарының әріптестері мен жақын және алыс шетелдерден келген әріптестерінің қызықты баяндамалары болды. Форум аясында 2 шеберлік сыныбы өткізілді: «Тамақтану жеткіліксіздігінің бағасы: Мамандықтар тоғысындағы нутрициология» және «Стерильді емес эндоскопиялық араласулардың эпидемиологиялық қауіпсіздігі».
Лицензия 00986DS