Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодр облыстық ауруханасы директорының есебі

04.05.2018

 

       2018 жылғы 04-мамыр күні ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-нің мәжіліс залында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының алқалы кеңес отырысы өтті. Ол отырысқа Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері, облыс және қала ауруханалырының бас дәрігерлері, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының әкімшілігі мен бөлімше меңгерушілері қатысты. Отырысты облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Сәрсенғалиұлы Мұқашев өткізді.

      Күн тәртібінде бірінші болып Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының директоры Серім Уақапұлы Сыздықовтың есебі  өтті. Ол ұжымның атқарған үлкен жұмысы туралы толық есеп берді. Негізгі статистикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.

       Хирургиялық бөлімшеде барлық оталық араласулардың 85%  заманауи кішіинвазиялық технологияларды қолдану арқылы жасалады. Барлық оталық араласулар HD, LIGASY, SONOSYRG электрхирургиялық платформаларын  заманауи эндобейнехирургиялық аппаратураны қолдану арқылы өткізіледі, олар өз кезегімен анастамоз салған кезде отадан соң ауыр ауытқулардың тәуекелін төмендетеді.

        Гинекологиялық бөлімшеде – қынап экстирпация отасы жасалады, оны жасаған кезде ішек-қарын қуысы кесілмейді және де науқастың қалпына келуі 5 тәулікке қысқартылды.

        Репродуктивті денсаулық және пренаталды диагностика орталығында хромосомды аномалия және дамудың тума ауытқуларына босану алдындағы диагностика, сонымен бірге отбасыларды тума және тұқым  құалаушылық патологияға генетикалық кеңес беріліп, нәрестелерді фенилкетонурия мен тума гипотиреозға диагностика жасалады. 2018 жылдың І-тоқсанында 695 отбасыға, 2017 жылы -804 отбасыға кеңес берілді.

       Облыстық аурухана белсенді түрде цифровизацияны өтіп «қағазсыз медицинаға» көшуде. Көптеген медициналық құралдар және тағы басқалар сатып алынды.

       Денсаулық сақтаудың ең өзекті мәселелері бойынша ҚР және шетелдердің алдынғы қатардағы клиникаларында стационар қызметкерлері дипломнан кейін оқуынан өтті.

        Аурухана базасында Павлодар облысында бірінші болып замануаи әдістеме диагностикасы мен емдеу түрлері енгізілгені көрінеді. Жақсы суреттермен жасалған слайд материалдары баяндаманы қолжетімді және қарауды жағымды қылды.

        Әрі қарай аурухананың күндегі жұмысы мәселелері туралы жалғаса берді.

IMG_1402

Accessibility