Қазақстандағы кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялау
2023 жылғы 10 ақпанда Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының конференц залында аурухананың медицина қызметкерлері үшін «Қазақстандағы кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында семинар өткізілді. Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы О.Б.Ташкенов семинар барысында декларациялардың қандай нысандарын тапсыру керектігін, декларацияларды ұсыну мерзімдері мен тәсілдерін түсіндірді.Қазақстанның Салық кодексі негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі: бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары үшін декларация басталды;екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайлары;үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған санаттары.