Қазақстанда шұғыл медициналық көмек тегін көрсетіледі

20.01.2022

Достар, сіздерден осы маңызды ақпаратты достарыңызбен және туыстарыңызбен бөлісуіңізді сұраймыз.

Қазіргі таңда емханаға жүгіну немесе ауруханаға жатқызу үшін міндетті түрде МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі талап етіледі деген пікір бар. Яғни, егер бұл мәртебе болмаса, пациент жай қабылданбайды және оған медициналық көмектен бас тартылады.

Бұл олай емес! Біз бұл туралы үнемі айтып отырамыз.

Барлық шұғыл медициналық көмек МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне, яғни жарналардың болуына және медициналық ұйымға бекітілуіне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі.

Созылмалы немесе әлеуметтік маңызы бар аурудың өршуі, ЖРВИ немесе COVID-19 белгілері болғанда, жарақат алған жағдайда, Сіз әрдайым көмекке жүгіне аласыз:

-фильтр кабинетіне немесе өзіңіздің, болмаса жақын маңдағы емхананың кезекші дәрігеріне

-жақын маңдағы аурухананың қабылдау бөлімшесіне

-жедел жәрдем шақыруға

Егер мен шұғыл түрде емханаға немесе аураханаға барсам, мені тексеріп, емдей ме?

Иә. Денсаулық жағдайын тұрақтандыру үшін қажет барлық нәрсе сізге тегін – ТМККК пакетінде көрсетіледі.

Оның ішінде диагнозды верификациялау және емдеу тактикасын айқындау үшін тар бейінді мамандардың қажетті тексерулері мен консультациялары, қажет болған кезде бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу.

Сақтандыру жағдайы сізге денсаулық жағдайы тұрақтанғаннан кейін, жоспарлы бақылау қажет болғанда немесе стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді жалғастырған кезде қажет болады.

-Бірақ мұнда ерекше жағдайлар бар.

Егер сіз шұғыл көмекке жүгінген әлеуметтік маңызы бар немесе созылмалы ауру бойынша Д-есепте тұрсаңыз, сізге сақтандырылған мәртебеңізге қарамастан, медициналық қызметтерді ТМККК пакетінде көрсету жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, «туберкулез» диагнозы бар науқастарға ТМККК пакетінде оңалту көмегін көрсететінін еске саламыз.

Accessibility