ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХИРУРГТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ І СЪЕЗІ
«А.Н. Сызганов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ «Қазақстан хирургтер қоғамы» бірлесіп Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, 2017 жылдың 2-3 қараша күндері «Шұғыл хирургиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері» тақырыбына ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХИРУРГТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ І СЪЕЗІН өткізді.
Съезге ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның дәрігерлері қатысты: Г.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Мұсабеков Арман Төлегенұлы, хирург дәрігері Нұрғалиев Еркін Боздақұлы, ординатор дәрігерлер Буркунова Светлана Юрьевна және Апсеев Марат Асылханұлы соныме бірге ТМД және Еуропа елдерінің жетекші профессорлары қатысты.
Съездің ғылыми-практикалық тақырыптары:
— Асқазан-ішектің қанауы (эндоскопиялық, эндоваскулярлық және хирургиялық емдеу). Шұғыл хирургияда минималды кіші инвазивті технологиялар;
— Механикалық сарғаю және өт жолдарының зақымдалуында хирургиялық тактика;
— Политравма. Кеуде қуысының және іш қуысы органдарының жарақатталуы;
— Сепсис. Минералды және қышқыл-сілті балансын, энтеральді және парентералды тамақтануды және т.б. түзету мәселелері.