Қазақстан Республикасында мейірбикелік қызметті реформалау.
ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 4 шілдедегі №419 бұйрығына сәйкес, практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейірбике қызметінің жаңа моделін енгізу бойынша пилоттық медициналық ұйымдар тізіміне енді.
«Тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарында мейірбикелік қызметтің жаңа моделін әзірлеу және енгізу» 1.3 Дүниежүзілік Банк жобасының жетекшісі Д. С. Смаиловамен 2019 жылғы 19-20 қарашада ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК басшылығы, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерінің қатысуымен кеңес ұйымдастырылып, практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейірбикелік қызметті басқарудың жаңа жүйесін енгізудің негізгі нәтижелері мен перспективалары баяндалған, Қазақстан Республикасында мейірбике қызметін реформалау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар саны 49 адамды құрады.
ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМҚ ағымдағы жылдың соңына дейін директордың Мейірбике ісі жөніндегі орынбасары лауазымын енгізу жоспарлануда. Осы ұйымның штаттық кестесіне кеңейтілген практика мейірбикесінің 3,75 мөлшерлемесі енгізілді. Қазіргі уақытта Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Қолданбалы бакалавриат» бағдарламасы бойынша 2 медбике оқып жатыр, 9 адам академиялық бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуда. Барлығы 3 медбикенің қолданбалы және академиялық бакалавриат дипломы бар. ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМҚ жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша сарапшымен мейірбикелік процесті жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.