ҚР МӘМС енгізу жөніндегі жұмыс тобы, Қазақстан Республикасы ДСМ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары А.В. Костюк басшылығымен Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына келді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру басталады.
МӘМС енгізу медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін жақсартуға арналған.
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жөніндегі жұмыс тобы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары А.В. Костюк басшылығымен Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына келді.
Александр Владимирович жұмыс сапары кезінде аурухананың медициналық қызметкерлеріне, көптеген дамыған елдерде халықтың ауыр ауруларды емдеуге, күтпеген шығындармен байланысты қаржылық қауіптерін төмендету үшін сақтандыру медицинасы енгізілгені туралы хабарлады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАО Павлодар облыстық филиалының директоры А.Ситказинов МӘМС енгізу жоғары мамандандырылған медициналық көмектің кейбір түрлерінің қол жетімділігін арттырады деп атап өтті.