Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Павлодар қаласының кәсіпкерлерінің қатысуымен қайырымдылық акциясы.
18.12.2019
2019 жылдың 13,16,17 желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталды орталығында жүкті әйелдерге, көп балалы аналарға және сәбилерге Павлодар қаласының кәсіпкерлерінің қатысуымен қайырымдылық акциясы өтті.
Бұл акцияларда кәсіпкерлер балалар мен аналарға мерекелік пакеттер, комбинезондар мен балалар киімдеріне арналған сертификаттар табыстады.
Акцияның барлық қатысушыларына алғыс айтамыз!
Барша қазақстандықтарды осы басты мерекемен құттықтаймыз! Бейбітшілік амандық, денсаулық және өркендеулеріңізді тілейміз!