Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Павлодар облысындағы ең үздік техникалық еңбек қауіпсіздігі инспекторларына марапаттар табыстады.

29.01.2026

Техникалық еңбек қауіпсіздігі инспекторларының беделі мен рөлін нығайту үшін, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «2025 жылғы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ең үздік техникалық еңбек қауіпсіздігі инспекторы» байқауын жариялады.
Байқау екі топта өткізілді:
1-топ – өндірістік сектор,
2-топ – өндірістік емес сектор.
Әр топтан үш жеңімпаз таңдалды. Байқау нәтижелері 2026 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің отырысында жарияланды.
Байқау нәтижелері бойынша өндірістік емес сектор бойынша 2-ші орынды SENIM салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық филиалының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі, ШЖҚ «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның техникалық еңбек қауіпсіздігі инспекторы және Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің маманы Данара Гарифоллаевна Сейтканова иеленді.
Данара Ғарифоллақызы аурухана қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, жұмысшылармен еңбек қауіпсіздігі бойынша семинарлар өткізеді, бөлім басшыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ аурухана қызметкерлерінің қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алуға белсенді қатысады.
Павлодар облыстық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2025 жылғы «ҚР Кәсіподақтар Федерациясының үздік техникалық еңбек қауіпсіздігі инспекторы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын құттықтады.

Лицензия 00986DS

Доступность