Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу
2017 жылдың 15-желтоқсанында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеуге арналған салтанатты жиналысы өтті. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.С.Мукашев құттықтау сөзін айтты.
Медициналық қызметкерлеріне награда табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеуге байланысты директордың бұйрығы бойынша халық денсаулығын қорғауға қосқан зор үлесі үшін, ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК мамандарына Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің наградалары ұсынылды.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі Замзагүл Мәдиқызы Смағұлова және травматология-ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері Андрей Ефимович Пороховой марапатталынды.
ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК ұжымы ұжымдастарының қуанышымен бөлісіп шын жүректен құттықтайды!