Қалалық субұрқақтарда шомылу қаупі туралы

05.06.2023

Ыстық жазда басқа маусымдарға қарағанда ағза көбірек ылғалды қажет етеді, сондықтан адамдар суға жақын болғысы келеді.

Ең алдымен, субұрқақтар қаланы абаттандыру элементтері болып табылады, олар ауаны ылғалдандырады, аймаққа эстетикалық көрініс береді және шомылуға арналмаған, өйткені пайдалану процесінде субұрқақтағы су жиі жаңартылмайды, сонымен қатар шаң-тозаң, жаңбыр суы жиналады. Жоғары ауа температурасы микроорганизмдердің көбеюіне де ықпал етеді.
Субұрқақта шомылу тек суық тию ғана емес, сонымен қатар одан да басқа ауруларға әкелуі мүмкін. Субұрқақта шомылу жіті ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға, конъюнктивитке әкелуі мүмкін, ал басты қауіпті энтеровирустық, ротавирустық инфекциялар, А вирустық гепатиті тудырады.
Сонымен қатар субұрқаққа шомылу кезінде құлап жарақат алуға болады, сондай-ақ электр желісінен жарақаттану қаупі жоғары, себебі субұрқақтар әртүрлі коммуникациялар мен жарықтандыру жүйесіне қосылған.
Мәселен, ересектер мен балалар өздерін жұқтыру және жарақат алу қаупіне ұшыратпау үшін сақтық шараларын сақтауы керек, субұрқақтардағы ойын-сауықтан аулақ болу керек.
Өзіңізді қорғаңыз және аман-сау болыңыз!

Accessibility