Қант диабетіне щалдықтыратын қауіпті факторлар

18.11.2019

Қант диабетіне щалдықтыратын қауіпті факторлар:

  • Үнемі отыру
  • Аз қимылдау
  • Дұрыс тамақтанбау
  • Депрессия,күйзеліс
  • Абдоминалдік семіздік (майдың белге жиналуы)
  • Артериалық қан қысымының көтерілуі
  • Тұқым қуалаушылық
  • Шылымқорлық
  • Ішімдікті шамадан тыс тұтыну

Қант диабетінің белгілері

  • Шөлдеу( науқас адам кұніне 3-5 литр немесе одан көп сұйықтық ішуі мүмкін)
  • Ауыздың  кебуі
  • Тәбеттің артуы
  • Кіш дәретке (күндіз де, түнде де) жиі бару
  • Тез шаршау
  • Ұйқышылдық
  • Жалпы және бұлщық еттің әлсіздігі
  • Терінің (әсіресе әйелдердің сыртқы жыныс ағзасының) қышуы
  • Жараның ұзақ жазылмауы
  • Сезімталдықтың төмендеуі, терінің құрғауы және түлеуі, аяқ қолдың ауруы және тырысуы

Қант диабетінің алдын алу

  • Темкі шегуден және ішімдіктен бас тарту
  • Дұрыс үйлесімді тамақтану
  • Жемістер мен көгөністерді күнделікті тұтыну
  • Дене белсенділігін арттыру
  • Жан тыныштығын сақтау
  • Медициналық тексеруден өту

Қант диабетінің асқынуы:

  • Ми инфаркті,миға қанның құйылуы
  • Көздің көруінің нашарлауы,катарката,соқырлық
  • Бүйректің қызметінің бұзылуы
  • Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары,жүректің ишемиялық ауруы,жүрек инфаркті
  • Белсіздік
  • Аяқты кесу
  • Диабеттік табан-табаннның ауыруы (жаралар, ірінді-некроздық (өліеттенген) процестер)
  • Шеткі тамырлардың атеросклерозы (беріштенуі)

Қант диабетінің белгісіз дамитын және оны қан немесе несептегі қанттың мөлшерінің деңгейін зерттеудің көмегімен анықтауға болатынын ЕСТЕ САҚТАУ ҚАЖЕТ

Гипогликемиялық және гипергликемиялық команың қант диабеті кезіндегі  ең қауіпті асқыну екенін ЕСТЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

 

 

 

 

 

 

Accessibility