Қарттар күні 2017
Жыл сайын Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында Қарттар күні аталып өтеді. Аурухана әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесіп өз ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде.
Бүгінгі күнге Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында 190 еңбек ардагері.
Биылғы жылы еңбек ардагерлеріне материалдық көмек қөрсетуіне және мәдени-көпшілік шараларын өткізуіне 380 мың теңге бөлінді.
Ардагерлер емханаға келіп өзіне керек маманға жүгіне алады. Ал қажетті жағдайда ардагерлер аурухананың стационарында ем қабылдауларына болады.
2017 жылғы 1-қазанда аурухананың барлық бөлімшелерінде мерекелік шаралар өткізілді: кездесулер, түскі ас, шай ішу. Әр ардагерге 2000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Еңбек ардагері денсаулығына байланысты, ауруханаға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, біздің жұмыскерлер үйлеріне барды.