Қарттар күні
1.10.2018 бастап 31.10.2018жыл аралығына дейін аурухана әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірге «Қамқорлық» айын өткізеді.
Бүгінгі таңда ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-да 260 еңбек ардагері тіркелген.
Аурухана әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірге ардагерлеріне үнемі қамқорлық көрсетеді.
Жыл сайын еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету және бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізу үшін қаражат бөлінеді.
2018 жылы қарттар күніне 520 мың теңге бөлінді.
Қазан айында еңбек ардагерлеріне арналған емханада әрбір ардагер қажет ететін маманға барады. Қажет болған жағдайда ардагерлер ауруханаға жатқызылады.
2018 жылдың 1 қазанында қарттар күні, ардагерлер үшін аурухана бөлімшелерінде кездесулер, түскі ас және шай берілді.
Денсаулық жағдайы бойынша ауруханаға келмеген еңбек ардагерлеріне, кәсіподақ комитетінің өкілдері, бөлімшелердің аға медбикелеріне үйлеріне барып сыйлық ұсынады.
Әр ардагер 2000 теңге көлемінде қаржылай көмек алды.
Дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері бөлімшесінің пациенттеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Аурухананың директоры Сыздықов С.В., стационардың бас дәрігері Ш.З.Косумбаева, кәсіподақ комитетінің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерін бөлімшесіндегі науқастарды құттықтап, сыйлықтар табыс етті.